https://sputnik.kz/20250212/atyrau-oblysynda-bir-auyl-tugeldey-ishimdikten-bas-tartqan-50789149.html
Атырау облысында бір ауыл түгелдей ішімдіктен бас тартқан
Атырау облысында бір ауыл түгелдей ішімдіктен бас тартқан
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде Қызыл үй ауылында кейінгі бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген 12.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-12T08:23+0500
2025-02-12T08:23+0500
2025-02-12T08:35+0500
ішімдік
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49967203_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7dc22c498488482e649745fd00eeaebb.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Атырау облысының бір ауылы түгелдей ішімдіктен бас тартқан, деп хабарлады Polisia.kz.Нәтижесінде Исатай ауданына қарасты Қызыл үй ауылында кейінгі бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылда алкоголь өнімдерін сататын дүкендер атымен жоқ. Ең бастысы тұрғындар ішімдік тұтынудан саналы түрде бас тартқан. Бұл тек қылмыстың алдын алуға ғана емес, жалпы ауылдағы тыныштық пен ынтымақтың нығаюына ықпал етті. Ауыл ақсақалдары бұл шешімді қоғамның игілігі үшін қабылдағандарын айтады.Олардың бұл бастамасын жастар да қолдап, ауылдағы татулық пен тәртіпті сақтау жолында ортақ шешімге келген.Ауыл әкімінің айтуынша, Қызыл үй тұрғындарының ұстанымы – тек ішімдіктен бас тарту ғана емес, ұлттық құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру."Болашақ – саналы ұрпақтың қолында. Ауылымыздағы бұл бастама – ұлттық мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің, рухани тазалығымыздың айқын көрінісі. Қоғамда мұндай игі дәстүрлерді дамыту – бәріміздің ортақ міндетіміз", – дейді ауыл басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49967203_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_43e48b435c2596d4ffe0882397cc4880.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішімдік, ауыл
Атырау облысында бір ауыл түгелдей ішімдіктен бас тартқан
08:23 12.02.2025 (жаңартылды: 08:35 12.02.2025) Нәтижесінде Қызыл үй ауылында кейінгі бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Атырау облысының бір ауылы түгелдей ішімдіктен бас тартқан, деп хабарлады Polisia.kz.
Нәтижесінде Исатай ауданына қарасты Қызыл үй ауылында кейінгі бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылда алкоголь өнімдерін сататын дүкендер атымен жоқ. Ең бастысы тұрғындар ішімдік тұтынудан саналы түрде бас тартқан. Бұл тек қылмыстың алдын алуға ғана емес, жалпы ауылдағы тыныштық пен ынтымақтың нығаюына ықпал етті. Ауыл ақсақалдары бұл шешімді қоғамның игілігі үшін қабылдағандарын айтады.
"Ішімдік – жамандықтың бастауы. Біз ауылымыздың болашағы үшін оның сатылуына да, тұтынылуына да жол бермеуді ұйғардық. Бұл – тек қауіпсіздік үшін ғана емес, рухани тазалықты сақтау жолындағы маңызды қадам", – дейді ауыл қариялары.
Олардың бұл бастамасын жастар да қолдап, ауылдағы татулық пен тәртіпті сақтау жолында ортақ шешімге келген.
Ауыл әкімінің айтуынша, Қызыл үй тұрғындарының ұстанымы – тек ішімдіктен бас тарту ғана емес, ұлттық құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру.
"Болашақ – саналы ұрпақтың қолында. Ауылымыздағы бұл бастама – ұлттық мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің, рухани тазалығымыздың айқын көрінісі. Қоғамда мұндай игі дәстүрлерді дамыту – бәріміздің ортақ міндетіміз", – дейді ауыл басшысы.