Көлігін пәтерге айырбастап алмақ болған астаналық дымсыз қалды

машина ключ
машина ключ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2025
Жазылу
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтың кім екені анықталды
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астанада алаяққа алданған ер адам көлігінен айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Астана тұрғыны хабарландыру сайтынан пәтерді көлікке айырбастау туралы тиімді ұсынысты көрген. Оған бірден келісіп, "пәтер иесінің" толық құжаты, тіпті, айырбас келісімшарты болмаса да, 8,5 миллион теңгенің көлігін бере салған. Ал хабарландырудың авторы көлік кілтін алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Сол кезде жәбірленуші алаяққа алданғанын түсініп, полицияға арыз жазған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтың кім екені анықталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған болып шықты.
"Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - дейді тәртіп сақшылары.
Осы орайда полиция жылжымайтын мүлік пен көлікке байланысты кез келген мәмілені заң талаптарына сай жасау қажеттігін ескертеді. Алаяқтар тиімді айырбас ұсынысы арқылы адамдарды жиі алдайды.
Астана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін екінші рет сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Астана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін екінші рет сотталды
Жаңалықтар
0