https://sputnik.kz/20250804/keleshek-mektepteri-ushin-direktorlar-arnayy-dayarlanady-56142552.html
"Келешек мектептері" үшін директорлар арнайы даярланады
"Келешек мектептері" үшін директорлар арнайы даярланады
Sputnik Қазақстан
Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады 04.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-04T09:12+0500
2025-08-04T09:12+0500
2025-08-04T09:14+0500
мектеп директоры
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_65083e3ee366fb16ddf0a7f383b82e81.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған "Білім берудегі 1000 көшбасшы" стратегиялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады.Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады:2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.
https://sputnik.kz/20250317/batys-qazaqstanda-biyl-6-zhayly-mektep-salynady-51686940.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_abe79dfd18f7e757106b4435b83d5121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп директоры, тағайындау
мектеп директоры, тағайындау
"Келешек мектептері" үшін директорлар арнайы даярланады
09:12 04.08.2025 (жаңартылды: 09:14 04.08.2025) Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған "Білім берудегі 1000 көшбасшы" стратегиялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады.
Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резервист жаңа үлгідегі "Келешек мектептері" жобасы аясында салынған мектептердің директорлары болды", - деп жазылған хабарламада.
Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады:
2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.