Батыс Қазақстанда биыл 6 жайлы мектеп салынады

© Photo : Акимат Абайской областиКомфортная школа в Абайской области
Комфортная школа в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Облыс әкімі мердігер компания басшыларына мектеп құрылысы жұмысын сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірде "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынып жатқан білім ордаларының құрылысымен танысты, деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы Орал қаласы Зашаған кентіндегі 600 орындық, Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы 1200 орындық, Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылындағы 600 орындық мектепке барды.
Облыс әкімі мердігер компания басшыларына мектеп құрылысы жұмысын сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды.
"Өңіріміздегі жайлы мектептер мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Сондықтан білім ордаларының құрылысы барынша сапалы әрі уақытылы аяқталуға тиіс. Бұған әрбір мердігер компаниялардың басшылары жауапты. Сондай-ақ, "Samruk-Kazyna Construction" компаниясының өңірлік өкілдігіне және салаға жауапты орынбасарыма барлық жұмысты бақылауда ұстауды тапсырдым", - деді Нариман Төреғалиев.
Айта кетері, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында 6 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Астанадағы Жайлы мектеп жобасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
Биыл "Жайлы мектеп" жобасы аясында 41 мектеп пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0