Биыл "Жайлы мектеп" жобасы аясында 41 мектеп пайдалануға берілді

© Арман АсқарАстанадағы "Жайлы мектеп" жобасы
Астанадағы Жайлы мектеп жобасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Биылғы оқу жылының басынан "Жайлы мектеп" жобасы аясында 41 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды", - деп жазылған хабарламада.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды.
Жобаның негізгі бағыты – функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру. Бұл мектептерде:
бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;
заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;
заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған.
Айта кетері, оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.
Жаңалықтар
0