https://sputnik.kz/20250803/qazsushar-filialdary-524-zhana-arnayy-tekhnikamen-tolyqty-56134020.html
"Қазсушар" филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
"Қазсушар" филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
Sputnik Қазақстан
Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланылып жатыр 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T12:04+0500
2025-08-03T12:04+0500
2025-08-03T12:04+0500
су
министрлік
техника
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56134150_0:45:622:395_1920x0_80_0_0_79a6aa65c09e0915b514792fc1602d4f.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша "Қазсушар" РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды. Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланыла бастады. Жалпы алғанда "Қазсушар" филиалдарына барлығы 757 автокөлік мен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта "Қазсушар" филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталды.
https://sputnik.kz/20250729/kurish-egu-zhospary-33-ese-asyra-oryndalgan-basshylar-zhumystan-shettetildi-55985054.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56134150_18:0:605:440_1920x0_80_0_0_f53c20a6e3143805789a5e991f37dafa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, министрлік, техника
"Қазсушар" филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланылып жатыр
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша "Қазсушар" РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр.
Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды. Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланыла бастады. Жалпы алғанда "Қазсушар" филиалдарына барлығы 757 автокөлік мен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр.
"Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның ішінде каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына қолданылып жатыр", - дейді министрлік.
Қазіргі уақытта "Қазсушар" филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталды.