https://sputnik.kz/20250803/almatyda-buu-ortalygynyn-ashyluy-aymaqtyn-strategiyalyq-manyzdylygyn-korsetedi---toqaev-56137571.html
Алматыда БҰҰ орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді - Тоқаев
Алматыда БҰҰ орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы... 03.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-03T16:49+0500
2025-08-03T16:49+0500
2025-08-04T10:51+0500
бұұ
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56137130_0:40:1281:760_1920x0_80_0_0_1b7b9d74741070ab3b7668ce5e90f9ff.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі.Президент іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.Президент орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.Антониу Гутерриш орталықтың ашылуы аймақ үшін тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы жаңа тараудың бастамасы екенін айтты.
https://sputnik.kz/20250803/toqaev-buu-bas-khatshysy-antoniu-guterrishpen-kelissoz-zhurgizdi--56136083.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/03/56137130_107:0:1172:799_1920x0_80_0_0_610e58d8887332547b439ece1b89fb90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, қасым-жомарт тоқаев
Алматыда БҰҰ орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді - Тоқаев
16:49 03.08.2025 (жаңартылды: 10:51 04.08.2025) Президент орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі.
Президент іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті.
"Геосаяси дүрбелеңдер мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқаруға тиіс. Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді, – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.
Президент орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.
Антониу Гутерриш орталықтың ашылуы аймақ үшін тұрақты даму мақсаттарына жету жолындағы жаңа тараудың бастамасы екенін айтты.