https://sputnik.kz/20250802/qazaqstannyn-astygy-birqatar-europa-eline-algash-ret-eksporttaldy-56123760.html
Қазақстанның астығы бірқатар еуропа еліне алғаш рет экспортталды
Қазақстанның астығы бірқатар еуропа еліне алғаш рет экспортталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға астық жеткізуді бастады 02.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-02T17:32+0500
2025-08-02T17:32+0500
2025-08-02T17:32+0500
астық
еуропа
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Жаңа астық пен ұнның экспорты оң динамика көрсетіп отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі."ҚТЖ" дерегі бойынша (2024-2025 жылдардың қыркүйек–шілде айлары) астық пен ұнның астық эквивалентіндегі экспорты 12,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023/2024 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 34%-ға жоғары (9,3 млн тонна).Жаңа өнімнің астық және ұн жеткізілімі айтарлықтай өсті:2024-2025 жылдардағы маусымның негізгі жетістігі – экспорт географиясының кеңеюі және жаңа нарықтарға шығу.Қазақстан алғаш рет бұрын астық импорттаушылар тізімінде болмаған бірқатар еуропалық елге: Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға жеткізілімді бастады.Қазақстандық өнімге БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдерінің сатып алушылары да белсенді қызығушылық танытуда. Тек "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ ұлттық астық операторы желісі бойынша Солтүстік Африкаға (Марокко) және Вьетнамға тиісінше шамамен 60 мың тонна және 15 мың тонна бидай экспортталды.Бұдан бөлек, қазақстандық астық жөнелтушілер соңғы бес жылда тоқтап қалған Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдерді қайта жаңғыртты. Италияға қатты бидай экспорты едәуір артты.
https://sputnik.kz/20250725/turkiya-qazaqstanda-astyq-ondeuge-620-mln-aqsh-dollary-koleminde-investitsiya-salady-55921136.html
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, еуропа, экспорт
Қазақстанның астығы бірқатар еуропа еліне алғаш рет экспортталды
Қазақстан алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға астық жеткізуді бастады
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Жаңа астық пен ұнның экспорты оң динамика көрсетіп отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"ҚТЖ" дерегі бойынша (2024-2025 жылдардың қыркүйек–шілде айлары) астық пен ұнның астық эквивалентіндегі экспорты 12,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023/2024 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 34%-ға жоғары (9,3 млн тонна).
Жаңа өнімнің астық және ұн жеткізілімі айтарлықтай өсті:
Өзбекстанға – 28,2%-ға (3 384 мың тоннадан 4 338 мың тоннаға дейін),
Тәжікстанға – 39,2%-ға (1 039 мың тоннадан 1 446 мың тоннаға дейін),
Қырғызстанға – 2,5 есеге (156 мың тоннадан 398 мың тоннаға дейін),
Иранға – 17,3 есеге (56 мың тоннадан 974 мың тоннаға дейін),
– 120 есеге (6 мың тоннадан 723 мың тоннаға дейін).
2024-2025 жылдардағы маусымның негізгі жетістігі – экспорт географиясының кеңеюі және жаңа нарықтарға шығу.
Қазақстан алғаш рет бұрын астық импорттаушылар тізімінде болмаған бірқатар еуропалық елге: Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбританияға жеткізілімді бастады.
Қазақстандық өнімге БАӘ, Вьетнам және Солтүстік Африка елдерінің сатып алушылары да белсенді қызығушылық танытуда. Тек "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ ұлттық астық операторы желісі бойынша Солтүстік Африкаға (Марокко) және Вьетнамға тиісінше шамамен 60 мың тонна және 15 мың тонна бидай экспортталды.
Бұдан бөлек, қазақстандық астық жөнелтушілер соңғы бес жылда тоқтап қалған Әзербайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдерді қайта жаңғыртты. Италияға қатты бидай экспорты едәуір артты.