Қазақстанда астық өңдеуге Түркия 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаТүркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады
Түркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өңделген бидай мен 80 мың тонна бұршақ болады
АСТАНА, 25 шілде-Sputnik. Қазақстанда "Tiryaki Agro" түрік компаниясының қатысуымен астықты терең өңдеу кешені салынады. Бұл туралы инвестштабтың кезекті отырысында айтылды.
Жоспарланған өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өңделген бидай мен 80 мың тонна бұршақ болады. Инвестициялардың жалпы көлемі - шамамен 160 миллиард теңге.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаТүркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады
Заседание Инвестштаба в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Түркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады
Екінші жоба - "YDA Group"басқа түрік компаниясының қатысуымен тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін агрохимиялық кешен салу. Өндіріс қуаттылығы – жылына 150 мың тонна, инвестиция көлемі – 168 млрд теңге.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаТүркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады
Заседание Инвестштаба в правительстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Түркия Қазақстанда астық өңдеуге 620 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады
"Екі жоба да ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, азық - түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, импортты алмастыруға және қосылған құны жоғары өнім ассортиментін кеңейтуге бағытталған", - деп атап өтті үкімет.
Қазақстанда астық дайындаудың жыл сайынғы көлемі 16-17 миллион тонна деңгейінде. Оның үштен бір бөлігі экспортқа кететінін ескере отырып, өнімнің 260 түрін қамтитын ішкі өңдеуді дамыту экономиканы әртараптандыру және агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
2025 жылдың 16 қазанында Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция салатын уақыт келді
Жаңалықтар
0