CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция салатын уақыт келді

© Пресс-служба IBC Global, организационный комитет CAWS2025 жылдың 16 қазанында Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді
2025 жылдың 16 қазанында Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Компания жаңалықтары
Алматыда Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді, бұл – Орталық Азияның қойма жылжымайтын мүлік сегментіндегі маңызды оқиға
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. 2025 жылдың 16 қазанында Ritz-Carlton Almaty қонақ үйінде Орталық Азияның қойма жылжымайтын мүлік сегментіндегі маңызды оқиға саналатын Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді. Саммит индустриялық девелопмент, ритейл, логистика және инвестицияның қазіргі трендтерін, сын-қатерлерін және болашағын талқылау үшін жетекші халықаралық және жергілікті сарапшыларды жинайды.
Қойма және өндіріске арналған шешімдерді шығаратын First компаниясы іс-шараның бас демеушісі болады. Сессия демеушілері:
Astron — металл конструкциядан жасалған ғимараттарды жобалау және өндіру бойынша еуропалық көшбасшы,
SPARK — Қазақстандағы жетекші логистикалық компания,
Griffin Partners — А класындағы қойма жылжымайтын мүлікті салуға, инвестициялауға және басқаруға маманданған халықаралық девелопер.
INFOLine — саммиттің бас аналитикалық серіктесі.
Іс-шарада соңғы талдауларға, ең өзекті мәселелерді талқылауға куә болып, Орталық Азия, ТМД және басқа елдердің 350-ден астам кәсіпқой мамандарымен және нарық сарапшыларымен байланысу мүмкіндігіне ие боласыз.
© Пресс-служба IBC Global, организационный комитет CAWSСаммит жетекші халықаралық және жергілікті сарапшыларды жинайды
 Саммит соберет ведущих международных и локальных экспертов для обсуждения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Саммит жетекші халықаралық және жергілікті сарапшыларды жинайды
Іс-шараның өзекті бағдарламасы әрқашан сайтта қолжетімді.
Біз Орталық Азия, Ресей және ТМД елдерінің ірі ритейл желілерінің 200-ден астам өкілін, сондай-ақ жетекші жергілікті және шетелдік өндірушілерді шақырдық.
Іс-шараға Kaspi, Ozon, Wildberries, Hoff, Lemana Pro, Yandex, Sport Master, Danone Nutricia Kazakhstan, Магнит, Magnum Cash & Carry, X5 Retail Group, Nestlé Food Kazakhstan, Unilever, Procter & Gamble, Gold Apple, LaModa, СДЭК, DPD , Apple City, Sulpak, Uzum және т.б. компаниялардың топ-менеджерлері қатысады деп жоспарланып отыр.
© Пресс-служба IBC Global, организационный комитет CAWSІс-шараны ұйымдастырушы IBC Global қоймалық жылжымайтын мүлік саласындағы толық циклді кәсіби кеңесшілер арасында көшбасшы саналады
IBC Global, организатор мероприятия, является лидером, среди профессиональных консультантов полного цикла в сфере складской недвижимости - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Іс-шараны ұйымдастырушы IBC Global қоймалық жылжымайтын мүлік саласындағы толық циклді кәсіби кеңесшілер арасында көшбасшы саналады
Өткен жылы саммитте 11 елден 350-ден астам қатысушы бас қосты, биыл да сол ауқымда өтеді деп болжанып отыр.
Қатысушылар саммиттің ресми сайтында тіркеледі:
© Пресс-служба IBC Global, организационный комитет CAWSІс-шараға Орталық Азия, Ресей және ТМД елдерінің ірі ритейл желілерінің 200-ден астам өкілі шақырылды
На мероприятие приглашено более 200 представителей крупнейших ритейл-сетей Центральной Азии, России и стран СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Іс-шараға Орталық Азия, Ресей және ТМД елдерінің ірі ритейл желілерінің 200-ден астам өкілі шақырылды
Іс-шараны ұйымдастырушы IBC Global қоймалық жылжымайтын мүлік саласындағы толық циклді кәсіби кеңесшілер арасында көшбасшы саналады. Компания Орталық Азия, Күнгей Кавказ және Таяу Шығыс нарықтарында табысты жұмыс істеп келеді.
Материал коммерциялық негізде жарияланды
Жаңалықтар
0