https://sputnik.kz/20250802/dimash-qudaybergen-uzatylgan-qaryndasyna-degen-qimastyq-sezimin-anmen-zhetkizdi-56122953.html
Димаш Құдайберген ұзатылған қарындасына деген қимастық сезімін әнмен жеткізді
Димаш Құдайберген ұзатылған қарындасына деген қимастық сезімін әнмен жеткізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушан Құдайбергенге бақыт тіледі, деп... 02.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-02T16:42+0500
2025-08-02T16:42+0500
2025-08-02T16:42+0500
димаш құдайберген
үйлену тойы
әнші
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42209456_0:40:1080:648_1920x0_80_0_0_af512e34835d7756bb118fc7d3a75d37.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушан Құдайбергенге бақыт тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Өнерпаз қарынасына деген қимастық сезімін әнмен жеткізді."Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!", - деп жазды Димаш.Еске сала кетейік, театр әртісі Ермахан Айымхан мен блогер Раушан Құдайберген шаңырақ көтерді.
https://sputnik.kz/20250723/dimash-qudaybergen-qyrgyzstannyn-khalyq-artisi-atagyn-aldy-55851916.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42209456_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_7039f95c4079a12db7b118b282f8f002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген, үйлену тойы, әнші
димаш құдайберген, үйлену тойы, әнші
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында ұзатылып бара жатқан қарындасы Раушан Құдайбергенге бақыт тіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Өнерпаз қарынасына деген қимастық сезімін
әнмен жеткізді.
"Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету" дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!", - деп жазды Димаш.
"Раушантайыма Мансұр ініммен бірге "Қарлығашым, ұя салғанда…" атты әнімді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн-бойынан көрсеткіміз келді. Бақытты бол, қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі!", - деп түйіндеді әнші.
Еске сала кетейік, театр әртісі Ермахан Айымхан мен блогер Раушан Құдайберген шаңырақ көтерді.