https://sputnik.kz/20250723/dimash-qudaybergen-qyrgyzstannyn-khalyq-artisi-atagyn-aldy-55851916.html
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
Sputnik Қазақстан
Әртіске марапат Қырғызстанда өткен IV Халықаралық "Mейкин Азия" фестивалінде берілді 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T08:18+0500
2025-07-23T08:18+0500
2025-07-23T08:36+0500
димаш құдайберген
қырғызстан
қазақстанның халық әртісі
марапат
https://sputnik.kz/img/07e9/07/17/55850501_203:552:2797:2011_1920x0_80_0_0_b1c924bdc099b0f54912f8b57513027b.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген "Қырғыз Республикасының халық әртісі" құрметті атағымен марапатталды.Марапатты әртіске Чолпон-Ата қаласында өткен IV Халықаралық "Мейкин Азия" музыкалық фестивалінің салтанатты финалында Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманкулов табыстады."Мейкин Азия" халықаралық фестивалі - жас таланттарды қолдау және насихаттау мақсатында 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық музыкалық фестиваль. Фестивальде 25-тен астам елдің орындаушылары өнер көрсетті. Гран-приді Румыниядан келген әнші Мария-Диана Стынчуляша жеңіп алды.
https://sputnik.kz/20250407/dimash-qudaybergen-aqtauda-zhankuyerine-qolyndagy-bilezigin-syyga-tartty-52263897.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/17/55850501_594:454:2714:2044_1920x0_80_0_0_d921801065bc2c14be8c950366cb4c75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
димаш құдайберген, қырғызстан, қазақстанның халық әртісі, марапат
димаш құдайберген, қырғызстан, қазақстанның халық әртісі, марапат
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
08:18 23.07.2025 (жаңартылды: 08:36 23.07.2025) Әртіске марапат Қырғызстанда өткен IV Халықаралық "Mейкин Азия" фестивалінде берілді
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген "Қырғыз Республикасының халық әртісі"
құрметті атағымен марапатталды.
Марапатты әртіске Чолпон-Ата қаласында өткен IV Халықаралық "Мейкин Азия" музыкалық фестивалінің салтанатты финалында Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманкулов табыстады.
"Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін. Жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды", - делінген хабарламада.
"Мейкин Азия" халықаралық фестивалі - жас таланттарды қолдау және насихаттау мақсатында 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық музыкалық фестиваль.
Фестивальде 25-тен астам елдің орындаушылары өнер көрсетті. Гран-приді Румыниядан келген әнші Мария-Диана Стынчуляша жеңіп алды.