Ұлттық банк доллар бағамы бойынша мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк интервенциялар жасағаннан кейін доллар бағамы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін банк валюта нарығында алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенциялар жасаған болатын. Осы шаралар алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында шамамен 450 млн АҚШ доллары сатылды. Сондай-ақ өткен айда ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлуге және "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырын салу үшін 700 млн АҚШ доллар көлемінде валюта сатылды.
"Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құрады", - делінген ресми хабарламада.
Ал тамыз айында үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша тамызда ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейін валюта сатылады.
"Теңестіру" операциясы аясында шілдеде 290 млрд теңге алынды. Тамыз айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ "теңестіру" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді", - дейді банк мамандары.
Айта кетері, осы аптада доллар бағамы 550 теңгеге дейін көтерілген. Үкіметтің болжамына сәйкес, доллар бағамы кері қайтады.
Тимур Сулейменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2025
Теңге неліктен әлсіреп жатыр – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді
Жаңалықтар
0