Теңге неліктен әлсіреп жатыр – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Тимур Сүлейменов қазіргі жағдай бақылауда деп мәлімдеді
АСТАНА, 26 шілде– Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әлеуметтік желідегі жазбасынрда теңгенің не себепті әлсіреп жатқанын жазды.
"Қазір экономикаға құйылып жатқан фискалдық қаражат көлемі ұлғайған. Ақша массасы бір жыл ішінде 18%-ға өскен. Алайда ішкі өндіріс бұл өсімге ілесе алмай отыр. Егер экономикаға салынатын ақша көлемі ішкі өндіріске қарағанда тез өссе, бұл импорттың артуына әкеліп соғады", - деп жазды Сүлейменов.
Айтуынша, биыл айтарлықтай шығыстар, соның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға ақшалар қарастырылған. Нәтижесінде ірі келісімшарттар жасалып, қаражатты игеру үшін импорттық жабдықтар, техника, компоненттер сатып алынады. Бұл шетел валютасына деген жоғары сұранысты қалыптастырып, теңге бағамына қысым жасайды.
"Уақыт өте келе отандық тауар өндірісі ақша массасының көлеміне сәйкес деңгейге жетеді, бірақ ол үшін, әрине, уақыт қажет. Қазіргі жағдайда экономиканың импортқа жүгінуіне тура келіп отыр", - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.
Ол теңге бағамына ықпал ететін негізгі факторларды атап өтті:
Фундаменталды – мұнай мен басқа да экспорттық тауарлардың әлемдік бағасы, негізгі сауда серіктестерінің валютасы, ғаламдық макроэкономикалық ахуал.
Нарықтық – бизнес пен халықтың шетел валютасына сұранысы, импорттық сатып алулар, маусымдық өзгерістер (туризм, дивиденд төлеу).
Алыпсатарлық– кейбір нарық қатысушыларының бағамның қысқа мерзімді ауытқуын пайдаланып пайда табуға тырысуы.
"Фундаменталды көрсеткіштер қазіргі бағамның төмен бағаланғанын меңзейді, ал алыпсатарлық белсенділік байқалмайды. Бұл – нарықтың тұрақты екенін білдіреді", - деді Сүлейменов.
Айтуынша, қазіргі таңда теңге бағамына негізгі қысымды нарықтық факторлар түсіріп отыр. Атап айтқанда, бюджет қаражатының белсенді игерілуі, импорт көлемінің артуы, сондай-ақ шетелге дивидендтер төлеу мен туристік маусымға байланысты валюталық сұраныстың өсуі — осының бәрі теңгеге қысым жасайды.
Айта кетейік, бүгінде еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы шамамен 542 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.
Айта кетейік, бүгінде еліміздегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы шамамен 542 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.
