Тоқаев қорғаныс министріне әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Жазылу
Президентке қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндады.
Атап айтқанда, Қосанов армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері және әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.
Президент министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Сонымен қатар Тоқаев әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев  көлік саласының қызметкерлерін марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2025
Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
Жаңалықтар
0