https://sputnik.kz/20250801/toqaev-kolik-salasynyn-qyzmetkerlerin-marapattady-56094712.html
Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып... 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T12:50+0500
2025-08-01T12:50+0500
2025-08-01T12:50+0500
көлік
қасым-жомарт тоқаев
марапаттау
марапат
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56094840_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_720273075fa6dfd5fc8ac1d1987d6931.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады, деп хабарлайды Ақорда."Қазақстан – Еуразиядағы негізгі транзиттік хабтың бірі. Біз қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұл – Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасында тауар жеткізудің төте жолы. Былтыр Сиань қаласында көлік-логистика орталығын аштық. Оны "Бір белдеу, бір жол" атты жаһандық бастама аясында Қытай елімен бірлесіп жүзеге асырдық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліздердің инфрақұрылымын біртіндеп жақсарту қолға алынғанын айтты.Ол ауқымды жобаны, негізінен, өз жұмысшыларымыз жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жыл соңында Алматы бекетін айналып өтетін темір жол іске қосылады. Нәтижесінде жүктеме азайып, жүк жеткізу мерзімі қысқармақ."Он бір мың шақырым теміржолды жөндеу жұмысы жалғасады. Жаңадан 5 мың шақырым жол салу және оны жаңғырту жоспарлануда. Қазір Транс-Қазақстан теміржол дәлізі ауқымды жобасы қолға алынды. Менің тапсырмаммен ұзындығы 323 шақырым болатын "Мойынты – Қызылжар" теміржолы салынып жатыр. Бұдан бөлек, "Дарбаза – Мақтаарал" және "Аягөз – Бақты" теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүруде", – деп толықтырды Тоқаев.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – машина жасау секторы. Әлемнің ең озық компанияларын тарта отырып, жергілікті өндірісті дамыту өзекті.Мемлекет басшысы әуе қатынастарын дамыту көлік саясатындағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті."Бүкіл ел бойынша авиация инфрақұрылымын жаңғырту үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, өткен жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар іске қосылды. Әуежайлардың өткізу қабілеті айтарлықтай артты. Бұрын Алматы әуежайы жылына 2,5 миллион жолаушыға ғана қызмет көрсете алатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 14 миллионға дейін ұлғайды", - деп атап өтті ол.Президенттің тапсырмасы бойынша Зайсанда, Катонқарағайда және Кендірліде үш жаңа әуежай салынып жатыр. Арқалық әуежайы қалпына келтіріле бастады. Қазіргі кезде Қазақстанның 30-дан астам елмен тікелей әуе қатынасы бар. Бірақ бұл аз. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады.
https://sputnik.kz/20250801/toqaev-temirzhol-ardagerine-qazaqstannyn-enbek-eri-atagyn-tapsyrdy-56089369.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56094840_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_086aae93a874ab6234ba304aadcbbc8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, қасым-жомарт тоқаев, марапаттау, марапат
көлік, қасым-жомарт тоқаев, марапаттау, марапат
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан – Еуразиядағы негізгі транзиттік хабтың бірі. Біз қазір Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бұл – Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасында тауар жеткізудің төте жолы. Былтыр Сиань қаласында көлік-логистика орталығын аштық. Оны "Бір белдеу, бір жол" атты жаһандық бастама аясында Қытай елімен бірлесіп жүзеге асырдық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан аумағы арқылы өтетін дәліздердің инфрақұрылымын біртіндеп жақсарту қолға алынғанын айтты.
"Логистика орталықтары және қоймалар салынуда. Темір жол құрылысы жанданып жатыр. Осындай маңызды шаралар сыртқы сауда айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, экономиканы өркендетуге ықпал етеді. Биыл "Достық – Мойынты" темір жолының екінші желісі салынып бітеді. Соның арқасында жүк көлемі бес есе артады", - деді мемлекет басшысы.
Ол ауқымды жобаны, негізінен, өз жұмысшыларымыз жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жыл соңында Алматы бекетін айналып өтетін темір жол іске қосылады. Нәтижесінде жүктеме азайып, жүк жеткізу мерзімі қысқармақ.
"Он бір мың шақырым теміржолды жөндеу жұмысы жалғасады. Жаңадан 5 мың шақырым жол салу және оны жаңғырту жоспарлануда. Қазір Транс-Қазақстан теміржол дәлізі ауқымды жобасы қолға алынды. Менің тапсырмаммен ұзындығы 323 шақырым болатын "Мойынты – Қызылжар" теміржолы салынып жатыр. Бұдан бөлек, "Дарбаза – Мақтаарал" және "Аягөз – Бақты" теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүруде", – деп толықтырды Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – машина жасау секторы. Әлемнің ең озық компанияларын тарта отырып, жергілікті өндірісті дамыту өзекті.
"Қазір Қазақстанда шетелдік үздік компаниялар жұмыс істейді. Мен жыл басында Астанадағы электровоз құрастыру кәсіпорнына бардым. Онда жүк және жолаушылар тасымалдайтын электровоз бен қосалқы бөлшектер шығарылып жатыр. Ең бастысы, осындай маңызды жұмысты өз мамандарымыз атқаруда. Мемлекет мұндай жобаларға жан-жақты қолдау көрсете бермек", – деді Президент.
Мемлекет басшысы әуе қатынастарын дамыту көлік саясатындағы басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
"Бүкіл ел бойынша авиация инфрақұрылымын жаңғырту үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, өткен жылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар іске қосылды. Әуежайлардың өткізу қабілеті айтарлықтай артты. Бұрын Алматы әуежайы жылына 2,5 миллион жолаушыға ғана қызмет көрсете алатын. Бүгінде бұл көрсеткіш 14 миллионға дейін ұлғайды", - деп атап өтті ол.
Президенттің тапсырмасы бойынша Зайсанда, Катонқарағайда және Кендірліде үш жаңа әуежай салынып жатыр. Арқалық әуежайы қалпына келтіріле бастады. Қазіргі кезде Қазақстанның 30-дан астам елмен тікелей әуе қатынасы бар. Бірақ бұл аз. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады.