https://sputnik.kz/20250801/bogettin-buzyluyna-kinali-akimdik-qyzmetkeri-sottaldy-56092197.html
Бөгеттің бұзылуына кінәлі әкімдік қызметкері сотталды
Бөгеттің бұзылуына кінәлі әкімдік қызметкері сотталды
Sputnik Қазақстан
Бөгеттің бұзылуынан 211 млн теңгеден астам шығын келді 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T10:40+0500
2025-08-01T10:40+0500
2025-08-01T10:40+0500
бөгет
ақтөбе облысы
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44203632_0:0:848:477_1920x0_80_0_0_ea34e96fbb110f4f795ccef7057b7efd.png
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына кінәлі әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде Хромтау ауданындағы "Магаджан" бөгетін су шайып кетті. Соның салдарынан Алға ауданының елді мекендері, сондай-ақ Елек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, соның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын.Тергеу материалына сәйкес, бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды. Ол гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шаралар қабылдамаған. Бөгеттің бұзылуынан 211 млн теңгеден астам шығын келді.Сот әкімдік қызметкеріне 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20241219/atyraudagy-su-tasqyny-merdiger-akimdikti-sotqa-berdi-49409289.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0a/44203632_116:0:756:480_1920x0_80_0_0_a75d70b89c4f3362056ddfd2e5ec2307.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бөгет, ақтөбе облысы, әкімдік
бөгет, ақтөбе облысы, әкімдік
Бөгеттің бұзылуына кінәлі әкімдік қызметкері сотталды
Бөгеттің бұзылуынан 211 млн теңгеден астам шығын келді
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына кінәлі әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде Хромтау ауданындағы "Магаджан" бөгетін су шайып кетті. Соның салдарынан Алға ауданының елді мекендері, сондай-ақ Елек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, соның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын.
Тергеу материалына сәйкес, бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болды. Ол гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған, тексеріс жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шаралар қабылдамаған. Бөгеттің бұзылуынан 211 млн теңгеден астам шығын келді.
Сот әкімдік қызметкеріне 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.