https://sputnik.kz/20241219/atyraudagy-su-tasqyny-merdiger-akimdikti-sotqa-berdi-49409289.html
Атыраудағы су тасқыны: мердігер әкімдікті сотқа берді
Атыраудағы су тасқыны: мердігер әкімдікті сотқа берді
Sputnik Қазақстан
Қала басшысының айтуынша, "112" учаскесі қауіпті және кең аумақ болған және демеуші компаниялардың көмегінсіз бір мердігер қысқа мерзімде 16 шақырым бөгет... 19.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-19T17:41+0500
2024-12-19T17:41+0500
2024-12-19T17:41+0500
су тасқыны
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23863844_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_3d709c9c63fb0ae857494bc17d7ce0c2.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Атырау облысындағы су тасқынында бөгет салған "АГК групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры әкімдікті 625 млн теңге төлемегені үшін сотқа берді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Атырау қаласында жарияланған төтенше жағдай кезінде ұзындығы 16 шақырым болатын бөгет салған серіктестікке әкімдік 625 миллион теңге төлемеген. "Соколок" каналынан Атырауға қарай бір шақырым жерде орналасқан "Бекет 112" учаскесінде бұл мердігер екі жарым ай бойы жұмыс жүргізген."Біз онда екі жарым ай бойы тәулік бойы жұмыс істедік және "Доссор" тас жолының теміржол жолынан Орал өзенінің жағасына дейінгі ұзындығы 18,5 шақырым бөгет салдық. Біздің қолымызда тиісті органдардың қолы қойылған барлық құжаттар бар: шарт, орындалған жұмыстар актісі, төлем ордерлері. Құжаттарға сәйкес біз жұмыстың барлық көлемін орындадық. Биылғы жылдың 4 маусымында бізге барлық соманы төлеуге уәде берілді, қазынашылықта бұл факт расталды", - деді "АГК групп" ЖШС бас директоры Әсемғали Қуанышев.Алайда, олар уәде етілген ақшаны алмаған. Ал кейінірек Атырау әкімі Шәкір Кейкин "АГК групп" ЖШС-дан басқа "112" учаскесінде демеушілік негізде жұмыс істеген басқа компаниялар болғанын, сондықтан олар "АГК групп" ЖШС-ға 625 млн теңге төлемейтінін мәлімдеді.Қала басшысының айтуынша, "112" учаскесі қауіпті және кең аумақ болған және демеуші компаниялардың көмегінсіз бір мердігер қысқа мерзімде 16 шақырым бөгет тұрғыза алмас еді."Біз АГК мердігеріне нақты орындалған жұмыс үшін ақы төлейміз, өйткені техниканың шамамен 65 пайызы демеуші компаниялар тарапынан болған. Сондықтан бүгінгі күні толық зерттеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Шәкір Кейкин.
https://sputnik.kz/20241127/su-tasqyny-aqmola-oblysynda-baspana-aluga-bolingen-qarzhyny-urlagandar-ustaldy-48832776.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23863844_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_01977198d9c5c801ee70784a8fd3bb58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, әкімдік
Атыраудағы су тасқыны: мердігер әкімдікті сотқа берді
Қала басшысының айтуынша, "112" учаскесі қауіпті және кең аумақ болған және демеуші компаниялардың көмегінсіз бір мердігер қысқа мерзімде 16 шақырым бөгет тұрғыза алмас еді
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Атырау облысындағы су тасқынында бөгет салған "АГК групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры әкімдікті 625 млн теңге төлемегені үшін сотқа берді, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Атырау қаласында жарияланған төтенше жағдай кезінде ұзындығы 16 шақырым болатын бөгет салған серіктестікке әкімдік 625 миллион теңге төлемеген. "Соколок" каналынан Атырауға қарай бір шақырым жерде орналасқан "Бекет 112" учаскесінде бұл мердігер екі жарым ай бойы жұмыс жүргізген.
"Біз онда екі жарым ай бойы тәулік бойы жұмыс істедік және "Доссор" тас жолының теміржол жолынан Орал өзенінің жағасына дейінгі ұзындығы 18,5 шақырым бөгет салдық. Біздің қолымызда тиісті органдардың қолы қойылған барлық құжаттар бар: шарт, орындалған жұмыстар актісі, төлем ордерлері. Құжаттарға сәйкес біз жұмыстың барлық көлемін орындадық. Биылғы жылдың 4 маусымында бізге барлық соманы төлеуге уәде берілді, қазынашылықта бұл факт расталды", - деді "АГК групп" ЖШС бас директоры Әсемғали Қуанышев.
Алайда, олар уәде етілген ақшаны алмаған. Ал кейінірек Атырау әкімі Шәкір Кейкин "АГК групп" ЖШС-дан басқа "112" учаскесінде демеушілік негізде жұмыс істеген басқа компаниялар болғанын, сондықтан олар "АГК групп" ЖШС-ға 625 млн теңге төлемейтінін мәлімдеді.
Қала басшысының айтуынша, "112" учаскесі қауіпті және кең аумақ болған және демеуші компаниялардың көмегінсіз бір мердігер қысқа мерзімде 16 шақырым бөгет тұрғыза алмас еді.
"Біз АГК мердігеріне нақты орындалған жұмыс үшін ақы төлейміз, өйткені техниканың шамамен 65 пайызы демеуші компаниялар тарапынан болған. Сондықтан бүгінгі күні толық зерттеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Шәкір Кейкин.