Жанармай құю бекетінде шетелдікті пышақтаған ер адамға үкім шықты

© Sputnik / Константин МихальчевскийЖанармай құю бекеті
Жанармай құю бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Ол пышақ қаруын заңсыз алып жүру және бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу үшін кінәлі деп танылды
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ресейлік байкерге шабуыл жасады деп айыпталған азаматты 11 жылға бас бостандығынан айырды.

"Сотталушы елеусіз сылтаумен, бұзақылық ниетпен, тікелей қылмыстық ниетпен өлтіру мақсатында пышақ қолданып, жәбірленуші Я. есімді азаматқа арт жағынан келіп, оның арқасы мен кеудесінің оң жақ тұсынан пышақ жарақатын салған. Жақын маңдағы адамдар сотталушыны ұстап қалған, жәбірленуші қашып үлгерген", - делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сотталған азамат моральдық шығын үшін 500 мың теңге және материалдық шығын үшін 1,3 миллион теңге төлеуі керек.
Еске сала кетейік, 13 сәуірде Жамбыл облысындағы жанар-жағармай құю бекетінде күдікті ресейлік мотоцикл жүргізушісін бірнеше жерден пышақтап кетті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жанармай бекетінде мотоциклшіні пышақтау ісіне қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар
0