Жанармай бекетінде мотоциклшіні пышақтау ісіне қатысты тың дерек шықты

CC0 / / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
Күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында мотоциклшіні пышақтау ісі бұзақылықтан кісі өлтіруге оқталу бабына ауыстырылды. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Зәкір Асадов әлеуметтік желіде хабарлады.
Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін "пышақ қолдану арқылы бұзақылық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске сала кетейік, 13 сәуірде Жамбыл облысындағы жанар-жағармай құю бекетінде күдікті ресейлік мотоцикл жүргізушісін бірнеше жерден пышақтап кетті.
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
Жамбыл облысында пышақ жарақатын алған туристке күзет қойылды
Жаңалықтар
0