Есірткіні ірімшік ішіне жасырып тасымалдаған Алматы тұрғыны сотталды

CC0 / Alexey Klen / Ірімшік
Ірімшік - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Тыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен "Cheddar" ірімшігі түрінде жеткізілген
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі мен психотроптық затты ірімшік ішіне жасырып тасымалдаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады бас прокуратура.
Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Ер адам аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу және сату қылмыстары үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу және сот процесі барысында оның есірткі және психотроптық заттарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошталық сәлемдеме ішінде жасырғаны анықталды.
"ыйым салынған заттар Таиланд Корольдігінен "Cheddar" ірімшігі түрінде жеткізілген. Алушы сәлемдеме ішіндегі заттарды үшінші тұлғаларға беруді жоспарлаған. Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық әрекет сату сатысына жетпей тұрып әшкереленді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы ауыр жаза тағайындаудың қажеттілігін негіздеді және сот бұл уәжбен келісті. Осылайша сотталушыны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ХҚКО операторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Ресей азаматының атынан жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері сотталды
Жаңалықтар
0