АЭС салу кезінде қаржылық проблема болмай ма – үкімет жауап берді

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС салу жағынан қаржылық қиындық болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр Путиннің Қазақстанға жасаған сапары кезінде ресейлік "Интер РАО" компаниясы ұсынатын жеңілдетілген кредиттің есебінен Көкшетау, Семей мен Өскеменде жаңа жылу электр орталықтары салынады деген келісім болған. Алайда компания экпорттық қаржыны бере алмады. Сондықтан Қазақстан үш жылу электр орталығын өз күшімен салуға шешім қабылдады. Склярдың айтуынша, бұл жағдай алдағы АЭС-тың құрылысына әсер етпейді. Себебі қаржы басқа компания – "Росатом" арқылы бөлінеді.
"Негізі ЖЭО-лар мен АЭС құрылысы – екі бөлек жобалар. Жылу электр орталықтары бойынша "Интер РАО" компаниясы оператор болған, ал АЭС бойынша "Росатом" белгіленді. Екеуінің қаржыландыру көздері әртүрлі, өз қаражаты да бар. Сондықтан бұл жерде ешқандай күмән жоқ, ешқандай проблема болмайды", - деді Скляр үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда премьердің бірінші орынбасары АЭС бойынша арнайы үкіметаралық келісім жасалатынын да ерекше атап өтті.
Айта кетері, "Росатом" Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы ретінде таңдалған болатын. АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасына қол қойылды.
Генеральный директор госкорпорации Росатом Алексей Лихачев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік АЭС салынады – Лихачев
Жаңалықтар
0