Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік АЭС салынады – Лихачев

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГенеральный директор госкорпорации "Росатом" Алексей Лихачев
Генеральный директор госкорпорации Росатом Алексей Лихачев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Жазылу
"Росатом" корпорациясының басшысы мәлімдеме жасады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумында "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстан мен Өзбекстанда әлемдегі ең үздік АЭС салынатынын мәлімдеді.
"Біз Қазақстанмен де, Өзбекстанмен де екі құжатқа қол қойдық. Біз олар үшін ғаламшардағы ең үздік станцияларды саламыз. Қазіргі уақытта олар өзімізге салынып жатқан станциядан да жақсырақ болуы мүмкін", - деді Лихачев.
Бұған дейін форумда Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі мен "Росатом" АЭС құрылысы бойынша Жол картасына қол қойды. Болашақ нысан Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
Кейін "Росатом" Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорны – Атом энергиясы агенттігінің жанындағы АЭС құрылысы дирекциясымен келісімге қол қойды. Құжат "Өзбекстан Республикасында жоғары қуатты атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асырудың негізгі шарттары туралы" деп аталады.
Глава Агентства РК по атомной энергии Саткалиев и глава Росатома Лихачев подписали Дорожную карту по проекту строительства АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
АЭС құрылысы бойынша жол картасы бекітілді
Жаңалықтар
0