https://sputnik.kz/20250730/qazaqstanda-lgbt-nasikhattagany-ushin-qylmystyq-zhauapkershilik-engizilui-mumkin-56059541.html
Қазақстанда ЛГБТ насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Қазақстанда ЛГБТ насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жаңбыршин былтыр "ЛГБТ насихатына" қарсы ресми петиция 10 күнде 50 мың қол жинағанын айтты 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T21:17+0500
2025-07-30T21:17+0500
2025-07-30T21:17+0500
депутат
заң
https://sputnik.kz/img/1136/68/11366883_0:113:3000:1801_1920x0_80_0_0_585ac5ba2e3bfcef0234f2be06a7d7b3.jpg
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қазақстанда ЛГБТ насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ ол үшін жауапкершілік енгізуді депутат Еділ Жаңбыршин ұсынды.Астанада ЛГБТ-ның - балалар мен жасөспірімдерге қауіптілігін зерттеген сарапшылардың қорытындысы талқыланды.Олардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 89%-і тыйым салу керектігін айтқан."Бұл әркімнің жеке шаруасы, бірақ оны бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желі арқылы насихаттауға болмайды. Депутаттар тобы ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы нормалар дайындадық, бірақ олар өткен жоқ, өйткені көптеген қарсылық келіп түсті", - деді Жаңбыршин.Жаңбыршин былтыр "ЛГБТ насихатына" қарсы ресми петиция 10 күнде 50 мың қол жинағанын айтты."Халық қолдады, комиссия құрылды, енді ғалымдар, сарапшылар мұның қаншалықты зиянды екенін көріп отыр", - деп қосты ол.Депутаттың айтуынша, ақпараттың 73%-і әлеуметтік желілердегі мазмұннан келеді, олар - насихаттаудың негізгі құралы.Өркендеуге жәрдемдесу ұлттық қорының төрағасы Үсен Сүлейменов қазақстандық және халықаралық зерттеулерді талдап, осы контенттің балаларға тигізетін кері әсерін растады.Мұндай ақпаратты үнемі пайдалану адамның жан дүниесін ластап, өзіне деген сенімін, өзінің кім екенін білуден тайдырады.* ЛГБТ қозғалысы - Ресейде экстремистік деп танылған және тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20241106/lgbt-nyn-zhasospirimderge-yqpaly-zerttelip-zhatyr--olzhas-bektenov-48338285.html
https://sputnik.kz/20240802/aida-balaeva-lgbt-ny-nasikhattauga-tyyym-saluga-qatysty-beyneundeu-zhasady-46064685.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1136/68/11366883_225:0:2777:1914_1920x0_80_0_0_6212c54f64488c67e6a269de2376f29d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, заң
Қазақстанда ЛГБТ насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Жаңбыршин былтыр "ЛГБТ насихатына" қарсы ресми петиция 10 күнде 50 мың қол жинағанын айтты
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қазақстанда ЛГБТ насихаттауға тыйым салуды, сондай-ақ ол үшін жауапкершілік енгізуді депутат Еділ Жаңбыршин ұсынды.
"Біз тек тыйым салумен шектелмеуіміз керек. Егер бұл тыйым бұзылса және ЛГБТ әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе басқа да жанама тәсілдермен насихатталса, менің ойымша, әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылуы керек", – деді Жаңбыршин.
Астанада ЛГБТ-ның - балалар мен жасөспірімдерге қауіптілігін зерттеген сарапшылардың қорытындысы талқыланды.
Олардың айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 89%-і тыйым салу керектігін айтқан.
"Бұл әркімнің жеке шаруасы, бірақ оны бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желі арқылы насихаттауға болмайды. Депутаттар тобы ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы нормалар дайындадық, бірақ олар өткен жоқ, өйткені көптеген қарсылық келіп түсті", - деді Жаңбыршин.
Жаңбыршин былтыр "ЛГБТ насихатына" қарсы ресми петиция 10 күнде 50 мың қол жинағанын айтты.
"Халық қолдады, комиссия құрылды, енді ғалымдар, сарапшылар мұның қаншалықты зиянды екенін көріп отыр", - деп қосты ол.
Депутаттың айтуынша, ақпараттың 73%-і әлеуметтік желілердегі мазмұннан келеді, олар - насихаттаудың негізгі құралы.
"Отбасылық құндылықтар мен әйелдердің денсаулығы туралы Женева декларациясы бар. АҚШ бұл құжатқа сілтеме жасай отырып, ЛГБТ тыйым салу туралы заң қабылдады*. Адамдардың құқықтары қорғалуы керек, бірақ неге біз көпшілікті емес, аз адамның пікірін қорғауымыз керек?" - дейді депутат.
Өркендеуге жәрдемдесу ұлттық қорының төрағасы Үсен Сүлейменов қазақстандық және халықаралық зерттеулерді талдап, осы контенттің балаларға тигізетін кері әсерін растады.
Мұндай ақпаратты үнемі пайдалану адамның жан дүниесін ластап, өзіне деген сенімін, өзінің кім екенін білуден тайдырады.
* ЛГБТ қозғалысы - Ресейде экстремистік деп танылған және тыйым салынған.