Аида Балаева ЛГБТ*-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты бейнеүндеу жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМинистр культуры и информации Аида Балаева
Министр культуры и информации Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЛГБТ*-ны насихаттауға қатысты петицияның шешімі туралы бейнеүндеу жасады.
Оның айтуынша, 10 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ*-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы өтініш түскен.
"Бұл мәселе қоғамда резонанс тудырып, қызу пікірталасқа жалғасты. Қоғамдағы осындай петицияны талқылауға көптеген қазақстандық қатысып, көтерілген мәселе бойынша пікір екіге жарылды", - деді Балаева.
Министр жұмыс тобының екі отырысын және ауқымды сараптамалық талқылаулар өткізу кезінде өтініш бойынша келіп түскен ескертулер талданып, жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
"Петицияда көтерілген мәселелерді реттеу үшін халықаралық тәжірибе зерделенді. Жетекші ұлттық ғылыми зерттеу ұйымдарымен және сарапшылармен кеңес өткізілді. Халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен дәлелдері, зерттеу материалдары мен үндеулердің барлығы назарға алынды. Дегенмен бұл жұмыс петиция бойынша түпкілікті шешім қабылдауға жеткіліксіз", - деп толықтырды ол.
Аида Балаеваның айтуынша зерттеулер мен талқылаулар қазіргі уақытта бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарды жалғастырып, мәселені жан жақты зерделеп, оны реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу керектігін көрсеткен.
"Бұл уақытты қажет етеді. Дегенмен Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы кәселетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан петицияны ішінара қолдайды. Балаларға жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстардың өсуі аясында жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды, оның ішінде дәстүрлі емес қатынастарды насихаттаудан қорғау талабы өзекті әрі қажет", - деп түйіндеді министр.
ЛГБТ* – Ресейде экстремистік деп танылған қозғалыс.
Жаңалықтар
0