Астана тұрғыны "шлагбаум бизнесімен" екі адамды 100 млн теңгеге алдап кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум
Шлагбаум - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Жазылу
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Астанада шлагбаум бизнесіне қатысты алаяқтық схемамен екі адамды қыруар қаржыға алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, қала тұрғыны жоғары кіріс әкелетін IT-бизнеске - ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған шлагбаумдар орнатуға инвестиция салуды және оны бірлесіп қатысуды ұсынған. Бұл бизнес жобаға екі адам сеніп, 100 миллион теңгесін салған.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Осы істі азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастыруды талап етті. Осылайша, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға күш салып, материалдық залалды өтеуден бас тартты.
Тергеу кезінде оның жәбірленушілерден алған ақшаны инвестициялық жобаға емес, жеке қажеттіліктеріне жұмсап тастағаны анықталды.
Сот үкімімен алаяқ 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Ал материалдық шығынды өндіріп алуға шешім шығарылды.
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2025
Шығыс Қазақстанда бойдақ жігітті "қалыңдығы" 400 мың теңгеге алдап кетті
Жаңалықтар
0