https://sputnik.kz/20250723/shygys-qazaqstan-oblysynyn-turgynyn-qalyndygy-400-myn-tengege-aldap-ketti-55876378.html
Шығыс Қазақстанда бойдақ жігітті "қалыңдығы" 400 мың теңгеге алдап кетті
Шығыс Қазақстанда бойдақ жігітті "қалыңдығы" 400 мың теңгеге алдап кетті
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс қысқартылып, алаяқ қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T17:45+0500
2025-07-23T17:45+0500
2025-07-23T17:47+0500
шығыс қазақстан
қылмыстық іс
қалыңдық
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген жігіт 400 мың теңгеге алданып қалды. Ал оны алдаған қыз сот залынан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жауапқа тартылған қыз бойдақ жігітті өзінің құрбысымен таныстыруға уәде берген. Бірақ сөзінде тұрмады. Артынан WhatsApp арқылы сол қыздың атынан оған хат жазып, тұрмысқа шығатынын айтқан. Ал үйленгісі келіп жүрген бойдақтың сеніміне әбден кіріп алғаннан кейін ақша сұрай бастайды. Сөйтіп оны 382 000 теңгеге алдап кеткен. Бірақ полиция алаяқты бірден тапты.Тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы (ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы сенімді теріс пайдалану немесе алдау жолымен бөтен мүлікті ұрлау не бөтен мүлікке құқықты иелену) бойынша жүргізілді. Оған сәйкес, 4 000 АЕК-ке (15 728 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.Алайда сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші татуласты. Осыған байланысты қылмыстық іс қысқартылып, алаяқ қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20250704/zhurgizushi-kualigin-alyp-beremin-aqtobe-turgyny-adamdardy-2-mln-tengege-aldap-ketti-55370755.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, қылмыстық іс, қалыңдық
шығыс қазақстан, қылмыстық іс, қалыңдық
Шығыс Қазақстанда бойдақ жігітті "қалыңдығы" 400 мың теңгеге алдап кетті
17:45 23.07.2025 (жаңартылды: 17:47 23.07.2025) Қылмыстық іс қысқартылып, алаяқ қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген жігіт 400 мың теңгеге алданып қалды. Ал оны алдаған қыз сот залынан босатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жауапқа тартылған қыз бойдақ жігітті өзінің құрбысымен таныстыруға уәде берген. Бірақ сөзінде тұрмады. Артынан WhatsApp арқылы сол қыздың атынан оған хат жазып, тұрмысқа шығатынын айтқан. Ал үйленгісі келіп жүрген бойдақтың сеніміне әбден кіріп алғаннан кейін ақша сұрай бастайды. Сөйтіп оны 382 000 теңгеге алдап кеткен. Бірақ полиция алаяқты бірден тапты.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы (ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы сенімді теріс пайдалану немесе алдау жолымен бөтен мүлікті ұрлау не бөтен мүлікке құқықты иелену) бойынша жүргізілді. Оған сәйкес, 4 000 АЕК-ке (15 728 000 теңгеге) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1 000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Алайда сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші татуласты. Осыған байланысты қылмыстық іс қысқартылып, алаяқ қыз қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.