Жүргізуші куәлігін алып беремін: Ақтөбе тұрғыны адамдарды 2 млн теңгеге алдап кетті

© SputnikЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Ер адам осындай жолмен 6 адамды алдап, олардың ақшасын алған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алып беремін деп жалған уәде берген ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне бірнеше азамат алаяқтық фактісі бойынша жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс ер адам жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен олардың ақшалай қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні – 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
"Белгілі болғандай, ол жыл басынан бері жүргізуші куәлігін заңды түрде рәсімдеуге мүмкіндігі болмағанына қарамастан, осындай жолмен 6 адамды алдап, олардың ақшасын алған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция мемлекеттік қызметтер тек уәкілетті органдар арқылы, белгіленген тәртіппен көрсетілетінін, ресми құжаттарды заңсыз жолмен алып беремін дейтіндерге сенбеуді ескертті.
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі туралы жалған ақпарат тарағанын ескертті
Жаңалықтар
0