Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі туралы жалған ақпарат тарағанын ескертті

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі "жүргізуші куәлігін шұғыл түрде ауыстыру керек, әйтпесе емтиханды қайта тапсыруға тура келеді" деген әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді", - деп жазылған хабарламада.
Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электронды құжаттар;
мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.
Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.
Государственные номера автомобилей в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Үш жылда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген - Антикор
Жаңалықтар
0