https://sputnik.kz/20240417/qazaqstanda-avtokolikti-tirkeuden-memleketke-913-mlrd-tenge-payda-tusken-43710304.html
Үш жылда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген - Антикор
Үш жылда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген - Антикор
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда автокөлікті тіркеуден мемлекетке 91,3 млрд теңге пайда түскен 17.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-17T09:35+0500
2024-04-17T09:35+0500
2024-04-17T10:37+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_0:56:1109:680_1920x0_80_0_0_2b114ab089ead1a22ca1d7add4c1097c.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық қаупін тудыратын фактілер анықталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.Ведомствоның хабарлауынша, 2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі мекеме қызметкерлерінің жалған деректер енгізіп, жалған құжаттар беруіне жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берген.Осы жағдайды ескеріп, өкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолданып, олардың бір бөлігі іске асырылды.Мамандандырылған ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпарат жүйелері іске қосылды. Өтініштерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету мүмкіндіктері жойылды. Енді әкімшілік полиция комитеті ғана мұндай өзгерістер енгізе алады.Өтініштерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің төленуі тиісті түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын тексереді."2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге пайда түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды", - деп хабарлады агенттік.Жүргізуші куәліктерін беру процесінде де жемқорлық қаупі анықталды. Бұл істе заңға қайшы әрекеттер компьютерлерге қашықтан қосылу арқылы сынақ тапсыратын тұлғаларды ауыстыру және емтихан нәтижелері өзгерту түрінде орындалған.Агенттіктің ұсыныстары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізіліп, нәтижесінде жемқорлық қаупі біршама төмендетілді.Сонымен қатар, емтихандарды қайта тапсыру процесі реттелді. Қайта тапсыру саны екі ретке шектеліп, емтиханнан өте алмаған жағдайда 3 айдан кейін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланған жағдайда 6 айдан кейін тапсырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_65:0:1045:735_1920x0_80_0_0_9d99e7f3f2c56c398468faf16ff793a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
Үш жылда 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген - Антикор
09:35 17.04.2024 (жаңартылды: 10:37 17.04.2024) Қазақстанда автокөлікті тіркеуден мемлекетке 91,3 млрд теңге пайда түскен
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық қаупін тудыратын фактілер анықталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, 2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесі мекеме қызметкерлерінің жалған деректер енгізіп, жалған құжаттар беруіне жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берген.
"Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген", - деп жазылған хабарламада.
Осы жағдайды ескеріп, өкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолданып, олардың бір бөлігі іске асырылды.
Мамандандырылған ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпарат жүйелері іске қосылды. Өтініштерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету мүмкіндіктері жойылды. Енді әкімшілік полиция комитеті ғана мұндай өзгерістер енгізе алады.
Өтініштерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің төленуі тиісті түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын тексереді.
"2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге пайда түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды", - деп хабарлады агенттік.
Жүргізуші куәліктерін беру процесінде де жемқорлық қаупі анықталды. Бұл істе заңға қайшы әрекеттер компьютерлерге қашықтан қосылу арқылы сынақ тапсыратын тұлғаларды ауыстыру және емтихан нәтижелері өзгерту түрінде орындалған.
Агенттіктің ұсыныстары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізіліп, нәтижесінде жемқорлық қаупі біршама төмендетілді.
Сонымен қатар, емтихандарды қайта тапсыру процесі реттелді. Қайта тапсыру саны екі ретке шектеліп, емтиханнан өте алмаған жағдайда 3 айдан кейін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланған жағдайда 6 айдан кейін тапсырады.