Түркияға сапар: Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия президентіне алғыс айтты
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтінде емлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды.
Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен келіссөз жүргізді.
Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия президентіне алғыс айтты. Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Түркияға ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды.
Президент YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Түрік компаниясы Астанада сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салады
Жаңалықтар
0