Алматы тауларында жоғалған 20 жастағы жігіт өлі күйде табылды

© Photo : АкордаАлматы таулары
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Жазылу
Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Алматы тауларында жоғалған 20 жастағы жігіт өлі күйде табылды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Жігіт 27 шілдеде жоғалған болатын. Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған.
"Құтқарушылар Мыңжылқыға көтеріліп, Жастар шыңына қарай жаяу бет алды. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді, алайда ешқандай із табылған жоқ", - дейді төтенше жағдай департаментіндегілер.
Мыңжылқы үстіртінде ТЖД, еріктілер және дрондардың қатысуымен жедел штаб құрылды. "Қазавиақұтқару" АҚ әуе борты дайын болғанымен, 1800 метр биіктіктегі жоғары бұлттылық, найзағай мен секундына 20 метрге дейінгі боран кедергі келтірген.
"29 шілдеде "Жастар" шыңында жоғалған адамның денесі табылды. Құтқарушылар мұзды беткейге шығып-түсу үшін бес сағат уақыт жұмсады”, - дейді ведомстводағылар.
Алматы тауларындағы күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жаңбыр мен бұршақ жауған: Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Жаңалықтар
0