https://sputnik.kz/20250728/zhanbyr-men-burshaq-zhaugan-almaty-taularynda-20-zhastagy-zhigit-zhogalyp-ketti-56000159.html
Жаңбыр мен бұршақ жауған: Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Жаңбыр мен бұршақ жауған: Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Sputnik Қазақстан
Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған 28.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-28T19:03+0500
2025-07-28T19:03+0500
2025-07-28T19:03+0500
алматы
тау
https://sputnik.kz/img/345/87/3458792_0:73:1201:748_1920x0_80_0_0_5a2eba2161ff38b8540b0d826af8a450.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда тауларында 20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.Медеу ауданында 20 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы хабарлама 27 шілде күні түңгі сағат 23:02-де түсті, дейді ведомстводағылар.Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған. Операцияға республикалық жедел құтқару жасағы және "Тұйық-Су" бақылау-құтқару пунктінің мамандары тартылды. Штаб құрылып, құтқарушылар, кинологтар және дрондар жұмылдырылды."Құтқарушылар Мыңжылқыға көтеріліп, Жастар шыңына қарай жаяу бет алды. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді, алайда із-түз табылған жоқ" - дейді төтенше жағдай департаментіндегілер.Мыңжылқы үстіртінде ТЖД, еріктілер және дрондар қатысуымен жедел штаб құрылды. "Қазавиақұтқару" АҚ әуе борты дайын. Бірақ 1800 метр биіктіктегі жоғары бұлттылық, найзағай мен секундына 20 метрге дейінгі боран кедергі келтіріп жатыр.
https://sputnik.kz/20250504/almatynyn-taularynda-eki-turist-adasyp-ketti-53145370.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/87/3458792_53:0:1146:820_1920x0_80_0_0_85084fbdd4a81739480920cd8c817b40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау
Жаңбыр мен бұршақ жауған: Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда тауларында 20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Медеу ауданында 20 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы хабарлама 27 шілде күні түңгі сағат 23:02-де түсті, дейді ведомстводағылар.
"Ол таңертең тауға кеткен, 17:00-де қайтуы керек болған. Байланыс тек туысы, әпкесі арқылы жүргізілген, геолокация қолжетімді болмаған. Жігіттің үстінде жылы кофта, шорты және кроссовка болған, қосымша күртешесі бар. Таулы аймақта сол кезде жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскен”, - дейді құтқарушылар.
Іздеу жұмыстары 4147 метрлік Жастар шыңы аумағында басталған. Операцияға республикалық жедел құтқару жасағы және "Тұйық-Су" бақылау-құтқару пунктінің мамандары тартылды. Штаб құрылып, құтқарушылар, кинологтар және дрондар жұмылдырылды.
"Құтқарушылар Мыңжылқыға көтеріліп, Жастар шыңына қарай жаяу бет алды. Жастар, Титова және Т1 шыңдары тексерілді, алайда із-түз табылған жоқ" - дейді төтенше жағдай департаментіндегілер.
Мыңжылқы үстіртінде ТЖД, еріктілер және дрондар қатысуымен жедел штаб құрылды. "Қазавиақұтқару" АҚ әуе борты дайын. Бірақ 1800 метр биіктіктегі жоғары бұлттылық, найзағай мен секундына 20 метрге дейінгі боран кедергі келтіріп жатыр.