https://sputnik.kz/20250504/almatynyn-taularynda-eki-turist-adasyp-ketti-53145370.html
Алматының тауларында екі турист адасып кетті
Алматының тауларында екі турист адасып кетті
Sputnik Қазақстан
2004 жылы туған ер адамдар жолды таба алмайтынын түсініп, құтқарушылардан көмек сұраған 04.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-04T18:30+0500
2025-05-04T18:30+0500
2025-05-04T18:30+0500
туристер
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53145205_0:38:1200:713_1920x0_80_0_0_0fa8a4c3403d6d09bf22294821df207e.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Құтқарушылар Алматының тауларында адасып кеткен екі туристі тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарында ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік телефон пайдаланылды. Тәуліктің қараңғы уақытына және күрделі рельефке қарамастан, құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан шыңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтті.Жігіттер 2850 метр биіктіктен табылды. Олар зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.Құтқарушылар Алматының құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп оларды Экопостқа дейін түсірді. Содан кейін олар өз бетінше үйіне кетті.
https://sputnik.kz/20250430/qazaqstanga-arab-elderinen-kelgen-turister-sany-62-ga-artty-52962580.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/04/53145205_100:0:1100:750_1920x0_80_0_0_bf124e295dcd902cca859fedae06b3eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, алматы
Алматының тауларында екі турист адасып кетті
2004 жылы туған ер адамдар жолды таба алмайтынын түсініп, құтқарушылардан көмек сұраған
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Құтқарушылар Алматының тауларында адасып кеткен екі туристі тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Түнде Алматының шұғыл қызметтеріне екі жас жігіт Медеу ауданындағы "Құмбел" шыңынан түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 2004 жылы туған ер адамдар жолды таба алмайтынын түсініп, көмек сұрады", - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарында ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік телефон пайдаланылды. Тәуліктің қараңғы уақытына және күрделі рельефке қарамастан, құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан шыңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтті.
Жігіттер 2850 метр биіктіктен табылды. Олар зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Құтқарушылар Алматының құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп оларды Экопостқа дейін түсірді. Содан кейін олар өз бетінше үйіне кетті.