https://sputnik.kz/20250729/3-pater-5-kolik-satyp-algan-ulynyn-emine-qarzhy-zhinagan-erli-zayypty-uyqamaqqa-alyndy-56004311.html
3 пәтер, 5 көлік сатып алған: ұлының еміне қаржы жинаған ерлі-зайыпты үйқамаққа алынды
3 пәтер, 5 көлік сатып алған: ұлының еміне қаржы жинаған ерлі-зайыпты үйқамаққа алынды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған 29.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-29T09:47+0500
2025-07-29T09:47+0500
2025-07-29T09:47+0500
қайырымдылық
алаяқтық
науқас
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_125f7eaadff90a59084b14a1d811e40b.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі ұлының еміне деп ақша жинап, 3 пәтер, 5 көлік сатып алған Тотақановтар отбасына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу амалдарына сай, баланың қатысуымен көрсетілген бейнероликтер, әсерлі жазбалар әлеуметтік желі арқылы жүргізілген таргеттелген жарнама мыңдаған қазақстандықтың жүрегіне әсер еткен.Қалған қаражат ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған. Нақты айтқанда, елордада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған.Қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігін (481 миллион теңгеден астам) әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға бағыттағанЖарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген. Алайда тергеу бұл мәміленің жалған екенін дәлелдеді.Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған мүліктердің барлығына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды.Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
https://sputnik.kz/20250725/perizat-qayratqa-sot-ukimi-shyqty-55940926.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703908_602:0:2853:1688_1920x0_80_0_0_44d68f92bac232cbb8a96e51ab1cf319.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық, алаяқтық, науқас
қайырымдылық, алаяқтық, науқас
3 пәтер, 5 көлік сатып алған: ұлының еміне қаржы жинаған ерлі-зайыпты үйқамаққа алынды
Күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі ұлының еміне деп ақша жинап, 3 пәтер, 5 көлік сатып алған Тотақановтар отбасына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тергеу амалдарына сай, баланың қатысуымен көрсетілген бейнероликтер, әсерлі жазбалар әлеуметтік желі арқылы жүргізілген таргеттелген жарнама мыңдаған қазақстандықтың жүрегіне әсер еткен.
"Азаматтардың сенімі мен жанашырлығын пайдалана отырып, күдіктілер 1,3 млрд теңгеден астам көлемде қаражат жинаған. Алайда баланың еміне тек 6,4 миллион теңге жұмсалған", - деп жазылған хабарламада.
Қалған қаражат ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған. Нақты айтқанда, елордада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған.
Қайырымдылық қаржысын тұрақты түрде алып отыру үшін олар келіп түскен қаражаттың үштен бір бөлігін (481 миллион теңгеден астам) әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалауға бағыттаған
Жарнама аудиторияны едәуір кеңейтіп, қайырымдылық көлемін арттыруға мүмкіндік берген.
"Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше олар әуежайдағы "ұшып бара жатқан" көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салған", - дейді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын білген соң, олар қылмыстық жолмен алынған активтерді тәркілеуден жасыру мақсатында жер телімін үшінші тұлғаның атына рәсімдеген. Алайда тергеу бұл мәміленің жалған екенін дәлелдеді.
Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған мүліктердің барлығына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.