Фермерлер мемлекеттен алған ақшаға есеп береді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуРабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото
Рабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Жазылу
Субсидиялардың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау шаралары күшейтілді
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда агросубсидия алушыларға қарсы міндеттемелер заңнамалық деңгейде бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
Биыл 12 маусымда агроөнеркәсіп кешені бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданған болатын.
"Енді фермерлер мен ауылшаруашылығы компаниялары оларға салынған мемлекет қаражатының тиімділігін дәлелдеуге міндетті болады. Мысалы, өндірісті ұлғайту, жұмыс орындарын құру немесе өнімділікті арттыру арқылы көрсету керек", - дейді палата мамандары.
Осылайша, субсидиялардың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау шаралары күшейтілді. Агроөнеркәсіпке бөлінген қаржының тиімділігі де артады деп жоспарланып отыр.
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Субсидия берілмейді: 2025 жылдан бастап фермерлер қалай қаржыландырылады
Жаңалықтар
0