https://sputnik.kz/20241118/subsidiya-berilmeydi-2025-zhyldan-bastap-fermerler-qalay-qarzhylandyrylady-48612942.html
Субсидия берілмейді: 2025 жылдан бастап фермерлер қалай қаржыландырылады
Субсидия берілмейді: 2025 жылдан бастап фермерлер қалай қаржыландырылады
Sputnik Қазақстан
Жаңа механизм шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайтады 18.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-18T14:57+0500
2024-11-18T14:57+0500
2024-11-18T14:57+0500
субсидиялар
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228705_0:288:2048:1440_1920x0_80_0_0_90bfa6a6c725d1ddf17e823091e3ad5e.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстан диқандары көктемгі-күзгі егістік пен егін жинау жұмыстарына субсидия алмайды. Оның орнына олар жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.Министрдің айтуынша, биыл бекітілген бюджеттің шамамен 50%-ы қаржы құралдарына – банктер мен басқа да қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемелеріне жұмсалды. Сондықтан қазақстандық шаруаларды жеңілдікпен қаржыландыру ережелеріне өзгерістер енгізілді.Бұған дейін шаруаның, ауыл шаруашылығы басқармасы мен банктің қатысуымен күрделі механизм болған. Субсидия болмаған жағдайда шаруалар 22% төлеуге мәжбүр болды. Енді келісім екі жақты болады.“Екі жақты келісім бойынша фермер 5%-бен несие алады, болды. Сосын егін егіп, орып, өз жұмысын атқаруы керек”, - деді министр.Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжіліс комитетінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Айдарбек Сапаров биылғы жылы субсидияға қосымша қажеттілік әкімдіктердің мәліметінше 256 млрд теңгені құраса, кезекте 194 млрд теңге тұрғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/14/47228705_0:307:2048:1843_1920x0_80_0_0_48e143d2f0f0bb349488ebf3ff0212b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар, ауыл шаруашылығы
субсидиялар, ауыл шаруашылығы
Субсидия берілмейді: 2025 жылдан бастап фермерлер қалай қаржыландырылады
Жаңа механизм шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайтады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Келесі жылдан бастап Қазақстан диқандары көктемгі-күзгі егістік пен егін жинау жұмыстарына субсидия алмайды. Оның орнына олар жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Министрдің айтуынша, биыл бекітілген бюджеттің шамамен 50%-ы қаржы құралдарына – банктер мен басқа да қаржы институттарының пайыздық мөлшерлемелеріне жұмсалды. Сондықтан қазақстандық шаруаларды жеңілдікпен қаржыландыру ережелеріне өзгерістер енгізілді.
“Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың орнына шаруаларға жеңілдетілген қаржыландыру беріледі. Яғни, шаруа таза 5%-бен несие алып, бұрын субсидиялармен өтелген пайыздық мөлшерлемелер тікелей қаржы институттарына жіберіледі”, - деді министр Айдарбек Сапаров.
Бұған дейін шаруаның, ауыл шаруашылығы басқармасы мен банктің қатысуымен күрделі механизм болған. Субсидия болмаған жағдайда шаруалар 22% төлеуге мәжбүр болды. Енді келісім екі жақты болады.
“Екі жақты келісім бойынша фермер 5%-бен несие алады, болды. Сосын егін егіп, орып, өз жұмысын атқаруы керек”, - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжіліс комитетінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Айдарбек Сапаров биылғы жылы субсидияға қосымша қажеттілік әкімдіктердің мәліметінше 256 млрд теңгені құраса, кезекте 194 млрд теңге тұрғанын айтты.