Жамбыл облысында жүгері өңдейтін зауыт салынып жатыр

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКукуруза, иллюстративное фото
Кукуруза, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2025
Жазылу
Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысты
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылыс "Жібек жолы" арнайы экономикалық аймағында 2025 жылдың сәуір айында басталған. Жобаны биоферментация саласындағы әлемдік көшбасшы Fufeng Group компаниясы жүзеге асырып жатыр.
"Бұл кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналмақ. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 500 мыңнан 1 миллион тоннаға дейін жүгері өңдеу, кейін бұл көрсеткішті 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев зауыттың іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту, өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейту және заманауи агротехнологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда "Жібек жолы" арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 791 миллиард теңгені құрайтын 21 жоба тіркелген. Барлық қатысушыға жер телімдері бөлінген. 2026–2030 жылдары жобалар толық қуатында іске қосылғаннан кейін 5 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында АЭА аумағын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін аймақ 2 800 гектарға ұлғайтылады.
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Қытай компаниясы Қазақстанда қалдықты кәдеге жарататын бірнеше зауыт салады
Жаңалықтар
0