Қытай компаниясы Қазақстанда қалдықты кәдеге жарататын бірнеше зауыт салады

© Sputnik / Тимур БатыршинМусоросортировочный завод
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Жалпы инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрайды
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Қытайлық компания Қазақстанда 600 млн АҚШ долларына қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов пен Қытайдың Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша үш зауыт салуды көздейтін кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.
"Жалпы инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы WtE (waste-to-energy) кешендерін салу мен пайдалануға маманданған, 400-ден астам патентке ие және Орталық Азия нарығында белсенді жұмыс істейді.
Кездесу барысында Азамат Қожанов қытайлық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
"Біз халықаралық үздік стандарттарға сәйкес экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға жоғары әлеует бар деп санаймыз. Junxin-нің Қытай мен Қырғызстанда табысты жүзеге асырылған жобаларды қоса алғанда мол тәжірибесі бар және ол біздің қалаларымызда "жасыл" инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алады", — деді ол.
Ал Дай Даого жоба тек өңдеу қуаттарын ғана емес, тұтас технологиялық экожүйені құруды көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы алынатын энергиямен жұмыс істейтін жасыл деректер орталықтарын салу, кадрлар даярлау орталықтарын құру және қалдықтарды басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу жоспарланған.
"Біздің мақсатымыз – тек зауыт салу емес, ТҚҚ-мен жұмыс істеуге инновациялық тәсіл енгізу. Біз Қазақстанға өңдеуді, энергия өндіруді және цифрландыруды біріктіретін технологияларды әкелгіміз келеді. Бұл өңірдің орнықты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігіне елеулі үлес болады деп сенемін", — деп атап өтті Дай Даого.
Фасовка яиц на птицефабрике, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады
Жаңалықтар
0