Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуФасовка яиц на птицефабрике, архивное фото
Фасовка яиц на птицефабрике, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Кәсіпорынның құрылысы 2025 жылдың тамызында басталады
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жұмыртқаны терең өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың "Thorniko", "Ovodan Egg Group" және "Шаңырақ" компаниялар тобының өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше жобаға "Шаңырақ" компаниялар тобы бастамашы болған.
"Біз қолданыстағы заңнама аясында толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған", — деді Айдарбек Сапаров.
Ал инвесторлар қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа болатын кәсіпорынның құрылысы 2025 жылдың тамыз айында басталатынын хабарлады. Жобаның жалпы құны — 15 миллиард теңге.
Компания өкілдері жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өнім сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетері, бүгінде отандық өндіріс елімізді жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіп отыр.
Тауық жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Елде жұмыртқа арзандап жатыр - Сауда комитеті
Жаңалықтар
0