Жайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді

© Photo : ауыл шаруашылығы министрлігіЖайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді
Жайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Өңірде әлі де балық қырылуы мен судың тайыздану қаупі жоғары су айдындары бар
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік инспекциялары тұрақты түрде балықтар мен олардың шабақтарын құтқару жұмысын жүзеге асырып жатыр.
Жыл басынан бері Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы су айдындарында көксерке, мөңке, тұқы, шортан, табан, лақа, сом секілді түрлі балық түрлерінің 34,5 млн-нан астам шабағы құтқарылып, табиғи мекеніне жіберілген.
© Photo : ауыл шаруашылығы минстрлігіЖайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді
Жайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жайық-Каспий бассейнінде 34,5 млн-нан астам шабақ табиғи ортаға жіберілді
"Іс-шараларға балық инспекциясы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы субъектілері, әскери қызметшілер, "Қазводхоз" РМК өкілдері, сондай-ақ еріктілерді қоса алғанда 650-ден астам адам қатысты. Барлығы 136 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, - дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұдан бөлек, Атырау–Доссор және Атырау–Астрахань бағытындағы жолдар бойындағы су айдындарының балық қырылу қаупі жоғары учаскелерінде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Өңірде әлі де балық қырылуы мен судың тайыздану қаупі жоғары су айдындары бар. Ол жерлерде су биоресурстарын сақтау жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мәселе комитет пен оның бассейндік инспекцияларының тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Атырау облысында балық қырылып қалды
Жаңалықтар
0