Атырау облысында балық қырылып қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинПодледная рыбалка на Капчагайском водохранилище
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Атырау облысы Бақсай су арнасында балық жаппай қырылып қалды, деп хабарлады Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.
Бақсай су арнасындағы шабақтар қатып қалған, дейді ведомтво. Балықтың қырылып қалғандығы туралы 13 қаңтарда белгілі болған.
14 қаңтарда инспекция, экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасы қызметкерлерінен құралған топ оқиға орнына барған.
"180 мыңға жуық шабақ құтқарылды. Бұл ретте зертханалық зерттеулер жүргізу үшін судан, балықтан сынамалар алынды. Шабақтардың қырылуына су мұз болып қатып, суда оттегінің азаюы себеп болған", - дейді ведомство.
Шабақтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жойылған балықтың мөлшері туралы нақты ақпарат осы жұмыстар аяқталғаннан кейін беріледі. Инспекция жағдайды ерекше бақылауға алды.
Жаңалықтар
0