https://sputnik.kz/20250725/ote-tomen-ushty-zhogalgan-tikushaqty-auyl-turgyndary-korgen-55944513.html
"Өте төмен ұшты": жоғалған тікұшақты ауыл тұрғындары көрген
"Өте төмен ұшты": жоғалған тікұшақты ауыл тұрғындары көрген
Sputnik Қазақстан
Тікұшақтың жер бауырлай ұшқанын далада жүрген тұрғындардың бәрі көрген 25.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-25T19:45+0500
2025-07-25T19:45+0500
2025-07-25T20:02+0500
тікұшақ
https://sputnik.kz/img/07e9/07/19/55944668_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_1c7dbb6b19e44e2423ea437ac87f86b3.jpg
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмады. Тікұшақ Қопа ауылының үстінен ұшып өткен. Sputnik Қазақстан тілшісі ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтты.Тікұшақтың жер бауырлай ұшқанын далада жүрген тұрғындардың бәрі көрген.Бұрын мұндайды көрмедік дейді қопалықтар. Айтуларынша, тікұшақ жарылған жоқ. Мидай жазық аумақта түтін шығар еді, дейді олар.Кейбір тұрғындар "тікұшақ қонып, байланыс жоқ жерде тұрған шығар" деп те болжам айтып жатыр.Қазіргі уақытта Қопа ауылында жедел штаб құрылып, жиын өтіп жатыр. Оған құтқару қызметі, қорғаныс министрлігінің медицинасы және жергілікті әкімдер жиналды. Айтуларынша, далада іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ сол күйі тікұшақтан ұшты-күйлі хабар жоқ.Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кейбір ақпарат құралдары ұшақ бортында үш экипаж мүшесі болғанын хабарладыӘуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиғаны растап, іздеуге Қорғаныс министрлігінің қосымша ұшақтары ұшып кеткенін айтты.
https://sputnik.kz/20250725/zhogalgan-tikushaqty-izdeuge-100-den-astam-adam-zhumyldyryldy-55940642.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/19/55944668_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_cd83fda69b891fa5b1a37c2c5f972d83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тікұшақ
"Өте төмен ұшты": жоғалған тікұшақты ауыл тұрғындары көрген
19:45 25.07.2025 (жаңартылды: 20:02 25.07.2025) Тікұшақтың жер бауырлай ұшқанын далада жүрген тұрғындардың бәрі көрген
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмады. Тікұшақ Қопа ауылының үстінен ұшып өткен.
Sputnik Қазақстан тілшісі ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтты.
"Дәл ауылдың үстінен өте төмен ұшты. Мына ағаштардан 5 метр ғана биіктікте ұшты ғой деймін", - дейді Айгерім есімді тұрғын.
Тікұшақтың жер бауырлай ұшқанын далада жүрген тұрғындардың бәрі көрген.
"Сағат таңертеңгі 10:30 шамасында далада тамақ пісіріп жатыр едім. Қатты дауыс шықты. Тез шығып қарасам тікұшақ өте төмен ұшып бара жатыр. Анық көрінді, артындағы қызыл жарығы да анық көрінді. Мынау неге сонша төмен ұшты деп таңғалдық. Отар жақын болғаннан кейін оқу-жаттығу шығар деп ойладық", - дейді тұрғын Жұлдыз Көкенова.
Бұрын мұндайды көрмедік дейді қопалықтар. Айтуларынша, тікұшақ жарылған жоқ. Мидай жазық аумақта түтін шығар еді, дейді олар.
Кейбір тұрғындар "тікұшақ қонып, байланыс жоқ жерде тұрған шығар" деп те болжам айтып жатыр.
Қазіргі уақытта Қопа ауылында жедел штаб құрылып, жиын өтіп жатыр. Оған құтқару қызметі, қорғаныс министрлігінің медицинасы және жергілікті әкімдер жиналды. Айтуларынша, далада іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ сол күйі тікұшақтан ұшты-күйлі хабар жоқ.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кейбір ақпарат құралдары ұшақ бортында үш экипаж мүшесі болғанын хабарлады
Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиғаны растап, іздеуге Қорғаныс министрлігінің қосымша ұшақтары
ұшып кеткенін айтты.