Жоғалған тікұшақты іздеуге 100-ден астам адам жұмылдырылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуВертолет Eurocopter EC-145
Вертолет Eurocopter EC-145  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Жазылу
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы шұғыл аттанды
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Отар маңында жоғалған тікұшақты іздеуге 100-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы тартылды.
"Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі мінген Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түскен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Показательные выступления десантников на мероприятии ко Дню Десантно-штурмовых войск Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2025
Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті
Жаңалықтар
0