Мектеп асханаларында қандай тамақты сатуға тыйым салынады

© Sputnik/Ертай СарбасовПитание в школьных столовых Алматы
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Бұған дейін газдалған сусын мен кәмпитті сатуға тыйым салынған болатын
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектеп асханаларында жаңа талап бойынша қандай тамақты сатуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа талапқа сәйкес, мектеп асханаларында дайын тамаққа қосылатын қанттың мөлшері 3,5 есеге, ал тұздың мөлшері 2-2,5 есеге азайтылады. Оны мектептегі мейірбикелер тексеріп отырады.
"Ал мектеп буфеттерінде жеңіл сіңетін көмірсуларға, атап айтқанда, гамбургер, чебурек сияқты фастуфтқа тыйым салынады", - деді Әлназарова үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, бұған дейін газдалған сусын мен кәмпитті мектеп буфеттерінде сатуға тыйым салынған болатын.
Айта кетері, биыл маусым айында жаңа оқу жылынан бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзір бекітілді.
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2024
Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланды: елдегі барлық мектеп асханасы тексеріледі
Жаңалықтар
0