Маңғыстау облысында оқушылар жаппай уланды: елдегі барлық мектеп асханасы тексеріледі
© Sputnik/Ертай СарбасовПитание в школьных столовых Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есебін тыңдады.
Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы бірқалыпты.
Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды.
Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі бала құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді.
Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының мамандары жіберілді.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.
№ 8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.