Газ компаниясының басшылығы тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені өз пайдасына жаратқан

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиГаз компаниясының басшылығы тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені өз пайдасына жаратқан
Газ компаниясының басшылығы тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені өз пайдасына жаратқан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Жазылу
Олар төлем туралы ақпаратты "SymphonyGAS" жүйесінде жасырып келген
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. "Алматыгазсервис-Холдинг" акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады. Тергеу материалдарына сай компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған.
"Жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты "SymphonyGAS" жүйесінде жасырып келген", - делінген хабарламада.
Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушы төртеуі 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген.
Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынды.
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
"Бір кереуетті 1,2 млн-ға сатып алды": облыстық аурухананың бас бухгалтері қамауға алынды
Жаңалықтар
0