https://sputnik.kz/20250711/bir-kereuetti-12-mln-ga-satyp-aldy-oblystyq-aurukhananyn-bas-bukhgalteri-qamauga-alyndy-55549882.html
"Бір кереуетті 1,2 млн-ға сатып алды": облыстық аурухананың бас бухгалтері қамауға алынды
"Бір кереуетті 1,2 млн-ға сатып алды": облыстық аурухананың бас бухгалтері қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T10:53+0500
2025-07-11T10:53+0500
2025-07-11T10:54+0500
қызылорда облысы
аурухана
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780486_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3ddf71b1d0fcf13a5841b0b42e2358fd.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес, есепті медициналық кереуеттерді үш есеге қымбат бағамен сатып алған. Ал жалған баға ұсыныстарын жұбайы дайындап берген.Тергеу кезінде күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Ал мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Оның қылмыстық ісі сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20250630/zalal-1-mlrd-tengeden-asady-almatyda-lauazymdy-sheneunik-qamauga-alyndy--55232866.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1378/04/13780486_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0d6460fa135ea65f1d97b9d641261e1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, аурухана
қызылорда облысы, аурухана
"Бір кереуетті 1,2 млн-ға сатып алды": облыстық аурухананың бас бухгалтері қамауға алынды
10:53 11.07.2025 (жаңартылды: 10:54 11.07.2025) ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының бас бухгалтері бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг
агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, есепті медициналық кереуеттерді үш есеге қымбат бағамен сатып алған. Ал жалған баға ұсыныстарын жұбайы дайындап берген.
"Осылайша, тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу кезінде күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Ал мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.
Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Оның қылмыстық ісі сотқа жолданды.