https://sputnik.kz/20250630/zalal-1-mlrd-tengeden-asady-almatyda-lauazymdy-sheneunik-qamauga-alyndy--55232866.html
Залал 1 млрд теңгеден асады: Алматыда лауазымды шенеунік қамауға алынды
Залал 1 млрд теңгеден асады: Алматыда лауазымды шенеунік қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Департамент басшысы ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген 30.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-30T18:09+0500
2025-06-30T18:09+0500
2025-06-30T18:09+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бүгін Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Шенеунік жер қатынастары саласында 750 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. Департамент басшысы ұрланған ақшаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алып үлгерген. "Бүгін күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы негізінде Іле ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап көрсетті агенттік өкілі.
https://sputnik.kz/20250630/otstavkadagy-general-mayor-alayaqtyq-ushin-ustaldy-55232197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Залал 1 млрд теңгеден асады: Алматыда лауазымды шенеунік қамауға алынды
Департамент басшысы ұрланған ақшаны жұмсап үлгерген
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Бүгін Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шенеунік жер қатынастары саласында 750 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр.
"Ол жер учаскелеріне өтімділік беру және оны сатудан айтарлықтай қылмыстық табыс алу мақсатында Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдары көмегімен олардың нысаналы мақсаттарын кадастрлық құн айырмасын төлемей өзгертті. Соның салдарынан мемлекетке 1 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді", - деді Бигайдаров бүгінгі брифингте.
Департамент басшысы ұрланған ақшаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алып үлгерген.
"Бүгін күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы негізінде Іле ауданының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап көрсетті агенттік өкілі.