https://sputnik.kz/20250723/temirtau-turgyny-6-mln-tenge-aqshasyn-alayaqtyn-shotyna-audaryp-zhibere-zhazdagan-55864627.html
Теміртау тұрғыны 6 млн теңге ақшасын алаяқтың шотына аударып жібере жаздаған
Теміртау тұрғыны 6 млн теңге ақшасын алаяқтың шотына аударып жібере жаздаған
Sputnik Қазақстан
Тұрғынның бұл әрекетін банк қызметкері байқап, полицияға хабарлаған 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T13:09+0500
2025-07-23T13:09+0500
2025-07-23T13:09+0500
полиция
алаяқ
теміртау
https://sputnik.kz/img/07e9/07/17/55865706_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_309f92d9a10b6c6d7d75d64779b741a2.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Теміртауда полицияның көмегімен алаяққа алдана жаздаған тұрғынның ақша жинағы сақталып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Банк қызметкері кассадан 6 миллион теңге қолма-қол ақша алған ер адам туралы “102” желісіне хабарлаған. Мұндай ірі соманы алудағы мақсат не деген сұраққа, клиент "жеке қажеттіліктер үшін" деп жауап берген. Оқиға орнына Киберпол қызметкерлері мен Шығыс ПБ учаскелік инспекторы келіп, 50 жастағы тұрғынымен әңгіме жүргізеді. Нәтижесінде алаяқтың нұсқауымен ол ақшаны шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аудармақ болған. Полицияның үйлесімді әрекеті мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтық әрекеттің алды алынып, салымшының жинақтарын сақталып қалды.
https://sputnik.kz/20250516/3-mln-tengesin-audaryp-zhibergen-sqo-da-zeynetker-alayaqqa-aldanyp-qaldy-53614636.html
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/17/55865706_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_e0214c50f9a1a040d846d4e647a36f0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқ, теміртау
Теміртау тұрғыны 6 млн теңге ақшасын алаяқтың шотына аударып жібере жаздаған
Тұрғынның бұл әрекетін банк қызметкері байқап, полицияға хабарлаған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Теміртауда полицияның көмегімен алаяққа алдана жаздаған тұрғынның ақша жинағы сақталып қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Банк қызметкері кассадан 6 миллион теңге қолма-қол ақша алған ер адам туралы “102” желісіне хабарлаған. Мұндай ірі соманы алудағы мақсат не деген сұраққа, клиент "жеке қажеттіліктер үшін" деп жауап берген.
Оқиға орнына Киберпол қызметкерлері мен Шығыс ПБ учаскелік инспекторы келіп, 50 жастағы тұрғынымен әңгіме жүргізеді.
"Ер адамның сөзінше, оған телефон арқылы ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу, алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатқанын, оның банктегі жинақ ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Тұрғын өзінің есепшотында 6 миллион теңге бар екенін айтып қалады", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде алаяқтың нұсқауымен ол ақшаны шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аудармақ болған. Полицияның үйлесімді әрекеті мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтық әрекеттің алды алынып, салымшының жинақтарын сақталып қалды.